RU

Қазақстанда ауқатты азаматтар Porschе көлігін таңдайды

Қазақстанда беделді маркалы авто көліктердің қайсысы ең әйгілі екендігін ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Today.kz тілшісіне жария етті.

"Қазақстан Республикасында келесідей автокөлік маркалары тіркелген: Aston Martin – 15, Bentley – 261, Bugatti – 1, Ferrari – 20, Lamborghini – 11, Maybach – 78, Porsche – 2 555, Rolls-Royce – 48", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық қымбат көліктер клубының негізін қалаушы, «Автомобили», L’Officiel және Club Magazine журналдарының баспагері, Қазақстан телерадиохабар тарату қауымдастығының президенті Бейбіт Әлібеков Bentley алматылықтар үшін қатардағы көліктердің біріне айналғанын мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, Қазақстан люкс көліктерін шығарушылар үшін оңтайлы нарық болып қала бермек. Әсіресе Bentley мен Rolls-Royce елімізде күн санап үлкен сұранысқа ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/874047-qazaqstanda-2-555-porsch-zhane-bir-ghana-bugatti-tanhdaul.html