Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің көшін бастады

Опубликовано:

Жақында әлем чемпионы атанған қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов өз салмақ дәрежесінде (60 келіге дейін) әлемдік рейтингтің көшін бастады деп жазады Vesti.kz.

Астанада өткен жарыста қазақтың қос палуаны ақтық сынға шығып, Сметов Рустам Ибраевты жеңген болатын.

Осылайша ол әлемдік рейтингте 900 ұпай еншілеп, Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Бүгінгі таңда Елдостың еншісінде 2162 ұпай бар. Бұған дейін бірінші орында болған Корея палуаны Вон Жин Ким 2150 ұпаймен екінші орынға сырғыды.

Ал Рустам Ибраев болса 540 ұпай еншілеп, жалпы тізімде 1408 ұпаймен жетінші орынға көтеріліп отыр. Дәл осы біріншілікте төртінші орынға табан тіреген Елдос Жұмақанов (66 келіге дейін) болса 180 ұпаймен (барлығы 702 ұпай) 23-ші сатыға ілгеріледі.

Ал 2009 жылы әлем чемпионы атанған Максим Раков болса, үздік ондықтың қатарында қалып отыр. Жарыстың екінші айналымында сүрінген жерлесіміз 1452 ұпаймен рейтингтің 10-шы сатысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/874174-qazaqstandyq-dzyudoshy-alemdik-reytin/

pixel