RU

Каспийде шекарашылар үш қазақстандықты ұстау үшін қару қолданды

Каспийде шекарашылар үш қазақстандықты ұстау үшін қару қолданды деп хабарлады ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

«Егемен» — 510 шекара катері 28 тамызда таңертеңгі 09.20-да Каспий теңізінің 46˚28′ солтүстік ендігі мен, 51˚07′ шығыс бойлығында «Касатка» типтес шағын суда жүзу құралын байқап, соңына түсті. Шекарашылардың «тоқтау» туралы бұйрығын елемеген шағын қайық жылдамдығын үдете түсті. Тоқтату мақсатында аспанға оқ атуға тура келді. Арада он бес минут өткенде қайық тоқтатылып, В32 жастағы екі, 22 жастағы бір, жиыны 3 азамат (Қазақстандықтар) ұсталды.

Қайықтың қозғалтқышы — «Ямаха-250», қосалқы 50 литрлік екі канистрде бензин сақталған.

1 дүрбі, 2 телефон, 1 дана GPS навигатор тәркіленді. Қару қолдану кезінде ешкім жапа шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/874194-kaspiyde-shekarashylar-ush-qazaqstandy.html