Выйти
RU

Шымкентте бұзақылар ер адамды аяусыз ұрып, BMW көлігімен таптап өткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкетте аяусыз таяқ жеген азамат ауыр халде ауруханада жатыр.

Шымкенттің Тельман бөлімшесінде 29 жастағы азаматты аяусыз соққан бұзақылардың саны төрт-бес адам болғанын, қаныпезерлер қанжоса болып жатқан жігіттің үстінен BМW машинамен жүріп өткенін хал үстіндегі жәбірленушінің өзі айтқан көрінеді.

Адамды аяусыз ұрып, соғып, үстінен көлікпен басып өткен күдіктілер ізін жасырып үлгерген. Дәрігерлер ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген азаматтың бас миы шайқалып, бас сүйек-миынан жарақат алғанын, жамбасы мен қабырғасының сынғанын, саны езіліп, жарақаттық шок алғанын жеткізді.

"Қазіргі таңда, науқастың жағдайы тұрақты ауыр болып есептеледі. Травматикалық қатты жарақат алған. Сондықтан біз оған жан-жақты дәрігерлік көмек көрсетіп отырмыз", - дейді   дәрігер-реаниматолог  Алик Жәңгіров.

Әл-Фараби көшесінің «Мұрагер» кафесі алдында кісіні ұрып-соғып, азаптаған, денесіне едәуір мөлшерде жарақат келтірген күдіктілер ісімен қазір жергілікті полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Жантүршігерлік оқиға түн жарымда болған. Жол бойында қансырап жатқан азаматты осы маңнан өтіп бара жатқан жолаушылар байқапты.

Алайда полицейлер кісіні азаптады дегеннен гөрі, көлік қақты дегенге көңілдері ауып отыр. Сондықтан да болар, олар арнайы мәлімдемеде «анықтау барысында бұзақылық ниетпен ұрып-соғудан қарағанда, жарақат жол-көлік оқиғасы салдарынан болуы мүмкін деген болжамға келудеміз» деп қалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте бұзақылар ер адамды аяусыз ұрып, BMW көлігімен таптап өткен