RU

«Ордабасы» футболшысының сүйіктісі Қазақстанды «Бораттың отаны» деп атады

Шымкенттік «Ордабасы» клубының футболшысы Иван Божичтің сүйіктісі Қазақстанды «Бораттың отанына» теңеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында «Ордабасы» суретін жариялап, астына «Бораттың отанына келдім» деп жазған.

Арада көп уақыт өтпей, Иван Божич жеке парақшасында халықтан кешірім сұрап, мұны сүйіктісінің орынсыз қалжыңы деп ұғуын өтініпті.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын боксшымыз Геннадий Головкиннің болашақ қарсыласы канадалық Давид Лемье Instagram-дағы жеке парақшасында Бораттың суретін жариялап, астына «Қазақстанды бүкіл әлем Бораттың арқасында таныды, ал Головкин кейіннен шықты» деп жазған болатын, ол көп ұзамай бұл жазбасын парақшасынан алып тастады.

Дәл осындай ессіздікті түріктің «Галатасарай» клубының ойыншысы Лукас Подольски жасаған еді. Алайда, бұл спортшы да көп өтпей қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/874796-ordabasy-futbolshysynynh-suyiktisi.html