RU

Қостанайлық парашютші Татарстанда құлап, қаза тапты

Қостанайдағы тәжірибелі парашютші қыз Евгения Кукета Татарстанда қаза тапты.

Бақытсыз жағдай «Мензелинск» аэроклубында орын алды. 38 жасар парашютші Евгения Кукета тәжірибелі спортшы болатын. Ол сол күні 4 мың метрлік биіктіктен секірді.

Парашютшіні дайындаған аэроклуб қызметкерлерінің айтуына қарағанда, ол ұшқанға дейін ешқандай бөгде жағдай орын алмаған.

Қостанайлық спортшы барлығын да нұсқау бойынша орындаған, төменге құлдилаған кезде парашют ашылған. Алайда спортшы аспанда парашют ашылғаннан кейін бір минуттан соң есінен танып қалған, парашютті басқара алмаған.

Ол парашют жерге жақындағанда ғана есін жиған, бірақ басқарғанмен барлығы да кеш еді. Ол жерге қатты құлап түседі де, ауыр жарақат алады.

Ауруханадағы жан сақтау бөліміне түскен соң бір тәуліктен кейін есін жимастан қайтыс болады. Осы іс бойынша Татарстанда қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/875611-qostanaylyq-parashyutshi-tatarstanda-q.html