RU

ОҚО-да екі имам Абылай хан мен Төле бидің атынан қажылыққа аттанатын болды

Оңтүстік Қазақстан облысында бұрын қажылыққа барып келген адам өзге адамның атынан  қажылық жасамақшы.

Бұл туралы rgmedia.kz хабарлайды.

"Мұсылманның қасиетті парызының бірі – қажылықты орындау. Бұл орайда биыл республика бойынша 4000 азамат қасиетті сапарға аттанады. Оның ішінде 1800-ге жуығы (45%) ОҚО-ның  еншісінде", – дейді ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров.

Қажылыққа ниет еткен азаматтардың барлығы да тіркеуге алынып, тиісті екпелерін қабылдаған. Облыстық мешітте қажылық кезінде атқаратын ережелер мен тәртіптері түсіндірілген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ билері мен хандары атынан бәдел қажылық ұйымдастырылмақ екен.

"Халыққа түсінікті болу үшін баяндап кетейік, бәдел – бұрын қажылыққа барып келген адамның өзге адамның атынан жасалатын қажылығы. Аталған шара тұңғыш рет қолға алынып отыр. Бұл парызды орындау мақсатында облыс имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров үш жүздің басын қосқан қазақтың көрнекті тұлғасы Абылай ханның атынан, шешендігі мен турашылдығы арқылы халықтың жүрегінен орын алған әз Төлеби бабамыздың атынан Төлеби ауданының бас имамы Самат Анарбаев бәдел қажылық пырызын өтеуге ниеттеніп отыр, – деді ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/875728-oqo-da-eki-imam-abylay-khan-men-tole-bidi.html