RU

Қарағанды облысының тұрғыны құрбысының үстіне арақ құйып, өртеп жіберді (фото)

Қарағандыда 35 жастағы ер адам құрбысының үстіне арақ құйып, өртеп жіберді.

Бұл туралы Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының дәрігеріне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Беті, мойны және иықтары қатты күйген 35 жастағы автокөлік жуу орталығының жұмысшысы ауруханаға жеткізілді. Кейін оны танысы үстіне арақ құйып, өртегені белгілі болды», - дейді дәрігер.

Дәрігерлердің хабарлауынша, жергілікті полиция құрбысын өртеген 35 жастағы жұмыссыз азаматты тұтқындаған.

«Ол құрбысымен ұрысып қалған соң, әйелдің бетін түгелдей бүлдіріп тастады. Енді оған пластикалық-косметологиялық ота қажет. Өйткені, оның беті мен мойны тегіс күйіп қалған», - дейді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/875887-qaraghandy-oblysynynh-turghyny-qurbysy.html