RU

Айдын Айымбетовтің киелі сумен шоқынуы ғаламторда қызу талқылануда (фото)

Кеше ғарышқа аттанған қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовті киелі сумен шоқындыру интернетте қызу талқыланды.

Abai.kz сайтының оқырмандары ғарышқа аттанар алдында дін қызметшісінің ғарышкерлерді киелі сумен шоқындырғанына ерекше назар аударған.

Осы орайда оқырмандар Бас мүфтидің қазақ ғарышкеріне бет сипап, бата бермегеніне қынжылған. Сонымен қатар, киелі сумен шоқындырма деп айтпағаны үшін Айдын Айымбетовке кінә артқандар да табылуда.

Еске сала кетейік, кеше Айдын Айымбетов "Союз ТМА-18М" кемесімен ғарышқа аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/876283-aydyn-ayymbetovtinh-kieli-sumen-shoqyn.html