RU

Обама жабайы табиғатта қалай аман қалу туралы бағдарламаға түсті

АҚШ Президенті Барак Обама қатысқан жабайы табиғатта тірі қалу бағдарламасының түсірілімі аяқталды. Бұл жайында британдық "Дейли Мэйл" газеті жазады. Түсірілім барысында Обама Аляскадағы Кенай тауын бағындырыпты.

Шың басында Құрама Штаттар президенті бағдарлама жүргізушісімен селфи жасаған. Көпшілік асыға күткен шоу NBC арнасынан көрсетіледі деп хабарлайды Астана арнасы.

Бірақ Президенттің қатысуымен түсірілген дүниенің эфирге нақты қай күні шығатыны әзірге белгісіз. Осылайша АҚШ тарихында Обама телешоуға қатысқан алғашқы президент атанбақ. Телеарна басшылығы таратқан хабараламаға сай, Барак Обама тележүргізушімен бірге ғаламдық климаттың өзгеруі салдарынан туындайтын проблемалар жайлы әңгімелейді.

Шоуға Обаманың қатысуына орай сарапшылардың өз болжамы бар. Айтуларынша, 2016 жылы президенттік уәкілеттігі аяқталғаннан кейін, Ақ үй басшысы қандай жұмыспен айналысуын білмей отырғандықтан, осындай қадамға барған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/877458-obama-zhabayy-tabighatta-qalay-aman-qal.html