RU

Небәрі 3 жастағы сириялық босқын сәбидің өлімі әлемді дүр сілкіндірді

Отбасымен бірге Грекияға қашпақ болған кезінде суға батып кеткен сириялық сәбидің фотосы еуропалық ірі басылымдардың бірінші бетінде жарияланды.

Reuters агенттігінің фотографы Нилуфер Демир түріктің Бодрум қаласына жақын жағажайда жансыз жатқан үш жастағы Айлан Курдиді түсірген. Бұл жантүршігерлік оқиға Еуродақтағы көші-қон проблемасы жайлы пікірталасты одан әрі өршітті.

Бүлдіршін әке-шешесімен, бірнеше ондаған сириялық босқындармен бірге грекиялық Кос аралына жетпек болған. Бірақ қайық аударылып, салдарынан 11-ден астам адам, ішінде Айлан, оның бес жастағы ағасы Галип және анасы ажал құшқан.

Отбасынан айырылған отағасы Абдулла Курди бала-шағасын құтқарып қала алмағанын және "олармен соңғы рет қауышып, бірге қалғысы" келетінін жеткізді.

Жағада жатқан баланың суреті Еуропа елдерінің билік басындағылардан өз еліндегі азаматтық соғыстан қашқан сириялықтарға көптен бері көмек көрсетуді талап етіп келе жатқан белсенділер мен құқық қорғаушылардың ашу-ызасын туғызды.

Британдық The Independent газеті 2 қыркүйектегі редакциялық материалында осы түсірілімді бірінші бетінде жариялап, босқындарға тиісті көмек көрсету шараларын талап еткен.

«Егер осы сұмдық фотография, жағалауға шығып қалған сириялық баланың өлімі Еуропаның босқындарға деген қатынасын өзгертпесе, басқа не өзгерте алуы мүмкін?» деген сауал тастайды мақала авторлары.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/878013-nebari-3-zhastaghy-siriyalyq-bosqyn-sabid.html