RU

Шетелде «қыз зорлады» деп айыпталған отандасымыздың әріптестері қарт мергенді қорғап қалуды сұрады

Үндістанда 6 бірдей спортшы қызға қол жүгіртті деп айыпталған Қазақстан құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Станислав Лапидусқа елдегі әріптестері жала деп, қарт мергенді қорғап қалуды сұрап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір сол елде келісім-шартпен жұмыс істеп жатқан 63 жастағы отандасымыз жаттығу кезінде бойжеткендердің белінен ұстап, сексуалдық сипаттағы қылық танытқан көрінеді.

Үнді жерінен жеткен тосын хабарды біздің жаттықтырушылар да естіп, есеңгіреп қалған. Десе де ешқайсының сенгісі жоқ.

Мылтық ату федерациясының атқарушы директоры Татьяна Табакаева: "Станислав Лапидус өз спортшысына қол жүгіртті деп естігенде есімізден танып қала жаздадық. Мүмкін емес! Ол өт талапшыл маман. Үнді қыздары жала жауып отыр. Мүмкін, әлдебіреулер сол арқылы спортшымыздың аяғынан шалғысы келген болар",  -деді.

Қазақстан құрамасын дайындаушы жаттықтырушылардың айтуынша, спортшы қыз болсын, ұл болсын жатып ататын кезде дәл осылай екі аяғын екі жаққа қойдырып, иығынан, қолынан, белінен ұстап, тіпті кеудесіне де қолы тиіп кетуі мүмкін екен. Әрине, ешқандай арам ой жоқ мұнда, бұл тек қана спорттағы қарапайым ережелер дейді қазақстандық жаттықтырушының осындағы әріптестері.

Десе де Үндістан ұлттық құрамасының спортшы қыздары айтқан сөзінен танбай отыр. Сексуалдық әрекет жасады деп отандасымыздың үстінен бірінші боп 45 жастағы Анджали Бхагват шағымданған. Артынша тағы 5 қыз арыз жазыпты. Басы бәлеге қалған бапкер өз-өзін барынша ақтап отыр.

"Бұл барып тұрған жала. Үндістан Ұлттық құрамасы да мені қолдап отыр. Алда бізді Әлем Чемпионаты күтіп тұр. Соны жеңіп шығуды мақсат еттім. Ал бұл қыздар мені жарты жолдан сүріндірмек", - дейді Станислав Лапидустың өзі.

Бапкер оны еліміздің Мылтық ату федерациясына хат арқылы жолдаған. Ал өзі қазір Мюнхенде Үндістан құрамасымен бірге жарыста жүр екен. Хатқа қарағанда, үнді спортшылары таққан айыптың негізсіз екенін айғақтайтын дәлелдер бар көрінеді. Айта кетсек, 63 жастағы бапкерге қатысты Үндістанда 6 бірдей қыздың арызы бойынша үлкен дау шығып жатыр.

Ушыққан іске тіпті еліміздің Сыртқы істер министрлігінің де араласты. Тек оқиғаға қатысты Станислав Лапидустың өзі үнсіз қалған еді. Бүгін ол елдегі федерацияға хат жолдап, өз ойын баяндапты.

"Қол жүгіртті" деп шағым түсірген жасөспірімдер тобындағы екі қыз болатын. Бірақ федерация тарапынан тексеру жүріп, оның жала екені дәлелденген. Сөйтсем, қыздар құрамаға алмағаным үшін кек алып жүрген түрлері екен. Жастары 21-ге толмағандықтан алмағанмын", - дейді бапкер.

Бапкер жіберген хатқа қарағанда, бұл үнді қыздары тағып отырған екінші айып. Бірақ олар кейін сөздерінен тайқып шыққан. Бұл жолы дауды бастап, шағымды қайта қарша боратып жатқан 45 жастағы Анжали Бхагват екен. Ол әйелдің де өтірігін Үндістан Мылтық ату федерациясының алдында дәлелдедім дейді Станислав Лапидус.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/878021-shetelde-qyz-zorlady-dep-ayyptalghan.html