RU

Оралда ең сұлу бойжеткен анықталды (фото)

3 қыркүйекте Оралда ең сұлу ару таңдалды. Жыл сайын өтетін "Орал аруы-2015" байқауы "Нұр Отан" партиясының ғимаратында әкімдіктің қолдауымен өтті. "Қаланың бірінші аруы" деп Вероника Залата танылды.

Бұл туралы "Мой городқа" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

8 тамызда іріктеу жүргізіліп, оған әр облыстардан 40-тан астам бойжеткен келген. 40 үміткердің ішінен төрешілер тек 12-ін "Орал аруы" атағына таласуға лайық деп тапқан. Бойжеткендер үш апта бойы бимен, дефилемен, спортпен айналысып, фотосессияларға қатысты.

Іс-шара байқауға қатысушыларды "Нұр Отан" ғимаратының алдына лимузинмен жеткізуден басталды. Бойжеткендер қызыл кілемнің үстімен жүріп өтіп, өздерін fashion әлемінің жұлдызы сезінуге мүмкіндік алды.

Залда БАҚ өкілдерімен қоса, үміткерлердің достары, жақындары жиналып, қолдау көрсетті.

Байқау 5 бөлімнен тұрды. Біріншісінде қыздар өздерін таныстыруы тиіс. Кей арулар қобалжығаннан дайындаған сөздерін ұмытып, сахнада жылаған сәттер де болды.

Бойжеткендерге нұсқау беруші - байқаудың ұйымдастырушысы, Star Models Studio директоры Жұлдыз Құспанова.

"Менің қыздарым осы үш аптада от пен судан өтіп, бүгінде сахнада тұр. Олар көп қиындықтарды еңсеріп, көп нәрсені үйренді. Олардың әр қайсысы сұлу, бірақ ең үздігі жеңетін болады", - дейді Жұлдыз.

Екінші тур - дефиле. Байқауға қатысушылар "Фабрика стиля" дүкенінің киімдерімен сахнада жүріп өтті. Үшінші кезеңде бойжеткендер хореографиядағы шеберліктерін ортаға салды. Олар танго биледі.

Биден кейін арулар "сұрақ-жауап" турына дайындалуға кетті. Барлық төрешілер бір қызықты сұрақ дайындап отыруы тиіс болды. Бірінші сұрақ 10 нөмірдегі ару Алмагүл Байбұлованы тығырыққа тіреді. Бойжеткен елімізде мемелекеттік рәміздер күні қашан тойланатынын білмейтін болып шықты.

Сұраққа жауап берген арулар келесі кезеңде әр елдің ұлттық киімдерін назарға ұсынды. Байқауда демеушілер тарапынан 5 номинация және ұйымдастырушылардан 8 номинация тағайындалды.

Жеңімпазды анықтамас бұрын төрешілер бір жарым сағат бойы кеңесті. Номинацияларға лайықтарды жария ету кезінде арулар қайтадан сахнаға шықты.

Екінші вице-ару атағын Сәулеш Бисемалиева жеңіп алды. Ал алғашқы вице-мисс атағы Қаламқас Файзуллаға бұйырды.

"Төрешілер бірауыздан "Орал аруы-2015" атағына Вероника Залатаны лайық деп тапты. Ол бұрынғы жеңімпаз Роза Сахиповадан тәжді алды", - деп хабарлады Жұлдыз Хуспанова.

"Мен байқау жеңімпазы көрікті болып қана қоймай, ақыл, шынайылық, адалдық сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс деп санаймын", - дейді жаңа "Орал аруы" Вероника Залата.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/878113-oralda-enh-sulu-boyzhetken-anyqtaldy-fo.html