RU

Тісі мен шашы жоқ модель fashion-әлемді бағындырды

Сән әлемінде жаңа жұлдыз пайда болды. Cирек генетикалық сырқатқа шалдыққаннан шашы мен тісі толық түсіп қалған 27 жастағы Нью-Йорк тұрғыны Мелани Гайдос танымал модель атанды.

Бұл туралы Vesti.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Америкалық ару мансабында үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген жанкүйерлерін жинап үлгерген.

Мелани эктодермальдық дисплазия сырқатына шалдыққан. Бұл сырқат шаш, тіс пен тырнақтан бөлек сүйектердің дамуына да кері әсерін тигізеді. Бойжеткен басына жасанды шаш киіп, жасанды тіс салдырудан толықтай бас тартқан.

"Жасанды тіспен жүрген ыңғайлы дейді. Сіздерге бәлкім ыңғайлы шығар, бірақ маған емес!", - дейді Гайдос. Өзінің оғаш түріне қарамастан бойжеткен кәсіби модель атанған.

"Мен қашан да өз түрімді билбордтар мен телеэкрандардан көргім келетін", - дейді Мелани.

Гайдос Пратта институтында өнер саласын игеріп, мансабын автопортреттер түсіруден бастаған. Бойжеткен осылайша өзінің ішкі сұлулығын байқай алғанын айтуда. Гайдос өз фотоларын желіге жүктегеннен кейін, оны түрлі кастингтерге шақыра бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/878224-tisi-men-shashy-zhoq-model-fashion-alemdi-baghyn.html