RU

Айымбетов мінген «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі ХҒС-пен түйісті

Бортында жерлесіміз Айдын Айымбетов бар «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі ХҒС-ке автономды түрде жақындады.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасын айналып өтті. Ол Астана уақытымен сағат 13:32-де түйісуін бастап, сағат 13:43:17-де түйісуін аяқтады.

Ресейлік ғарышкер Сергей Волков, Еуропа ғарыш агенттігінің өкілі Андреас Могенсон және Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов Орбитаға жетті.

Могенсон мен Айымбетов ғарышқа алғаш рет сапар шегіп отыр, ал ресейлік Волков ғарышқа үшінші рет аттанған.

Айымбетов Тәуелсіз Қазақстан атынан ұшқан тұңғыш ғарышкер болса, Анрдеас Могенсон да Дания атынан тұңғыш рет ұшып отыр.

Қазақстандық ғарышкер 12 қыркүйек күні жерге оралады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/878689-ayymbetov-mingen-soyuz-tma-18m-gharysh-ke.html