RU

«Алматы аруы - 2015» байқауының финалына қатысушылар анықталды

4 қыркүйекте «Алматы аруы - 2015» байқауының финалына қатысушылар анықталды. Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Еске салсақ, 5 шілдеде төрешілер "Алматы аруы" байқауына 13 үміткерді іріктеп алған болатын. Іріктеу екі кезеңнен құралды. Біріншісінде модельдер дефилеге қабілетін көрсетті.

Екіншісінде төрешілермен сұхбаттасудан өтуі тиіс болды. Ал үшінші кезеңде үміткерлердің шығармашылық қабілеттері сынға түсті. Олар билеп, ән айтып, фортепианода ойнады.

Жақында "Алматы аруы - 2015" байқауында жеңімпаз атанған ару Қазақстанның атынан "Әлем аруы" байқауына қатысады. Финал 11 қыркүйекте өтетін болады.

Еске салсақ, 2014 жылы "Алматы аруы" атағын иеленген Регина Вандышева "Қазақстан аруы" байқауында да жеңіске жеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/878767-almaty-aruy-2015-bayqauynynh-finalyna-q.html