RU

Қазақстан тойларындағы ең әсерлі құттықтаулар

Тойларда жас жұбайлардың бір-біріне арнап ән салуы, келген қонақтардың той иелеріне ерекше құттықтаулар жасауы қашан да тойдың сәнін келтіреді.

NUR.KZ порталы Comode-қа сілтеме жасай отырып, Қазақстандағы ең әсерлі той құттықтауларының видеосын назарларыңызға ұсынады.

Көрікті қалыңдық ата-аналарына, сүйікті ағасына алғысын жаудырып, күйеу жігітке адал жар болуға сөз берді.

Қалыңдықтың қазақ және орыс тілінде ән салғаны келген қонақтардың жүрегін елжіретті.

Күйеу жігіт той кезінде өз сүйіктісіне арнап ән салды.

Қалыңдыққа құрбыларының жасаған ерекше құттықтауы той иелерін қуантып тастады.

Әпкесіне інісінің жасаған той сыйлығы барлығын таң қалдырды.

Қалыңдықтың қыз ұзату кезіндегі ата-анасына арнаған әні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/878814-qazaqstan-toylaryndaghy-enh-aserli-qut.html