RU

ШҚО-да Абайға қойылған ескерткішті тұрғындар Ленинге ұқсатты (фото)

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында Абайға арналған мүсін тұрғындардың таңданысын тудырды. Олар мүсіндегі Абайдың түрін әлемдік проелтариат басшысы Владимир Ленинге ұқсатып жібергенін айтуда.

Бұл туралы «Время»-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Мүсінді және Пушкинге арналған ескерткішті (оларды жасауға жалпы алғанда 7 млн теңге жұмсалды) халық назарына салып, «Горняк» мәдениет үйінің алдына орнатқан. Жергілікті тұрғындар мүсінші Евгений Гайсиннің туындысы ұлы ақынның түріне мүлдем ұқсамай қалғанын алға тартты.

«Менің ойымша, бұл Ильич - ескі мүсінді қайта жасап, денесін сол күйі қалдырып, ал басын сәл ғана өзгерткендей көрінеді», - деп назын білдірді жергілікті тұрғын Владимир.

Әкімдік қала тұрғындарымен сөз таластырмай, бірден Абай мүсінінің нашар жасалғанымен келісті. Мүсін орнынан алынып тасталды.

Еске салсақ, бұл Абай ескерткішімен байланысты туындаған алғашқы жанжал емес. Өткен жылда Өскемен тұрғындары Абай мен Евгений Михаэлистің мүсіндерін қалай болса солай жасалған деп сынға алған болатын.

Бұл ақпаратты "Время" басылымының рұқсатынсыз көшіріп, пайдалануға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/878947-shqo-da-abaygha-qoyylghan-eskertkishti-tu.html