RU

"Самұрық-Қазынаның" танымал топ-менеджері тәкаппарлығымен көзге түсті

Экономикалық шолушы Денис Кривошеев "Самұрық-Қазынаның" топ-менеджері Дархан Қалетаевтың әрекетінен жағасын ұстады. Экономист Қалетаевтың есікті жас көмекшісі ашып бергенше күтіп тұрғанына куә болған.

Бұл туралы Денис Кривошеев өз Facebook парақшасында жазған.

«Астана - қарама-қайшылықтарға толы қала. Кей мекемелердің ашық күйде жатқаны бұған көз жеткізуге өз септігін тигізуде. Ал бірнеше мекеме бір ғимаратта болғанда тіпті қызықтың түр-түрін көруге болады. Бүгін «Көк-жасыл аймақта» (Изумрудный квартал) оғаш жағдайдың куәсі болдым. Өзіне ғана тән бет-әлпеті бар Дархан Қалетаев үлкен холдан жас көмекшісін ертіп өте шықты. Алдындағы кішкентай есікке келіп тірелгенде, қозғалмай тұрып қалды. Тап бір есік сиқырмен өзі ашыла қалатындай. Ашылмады. Сиқыршы кідіріп қалып, шенеуніктің жаман көзқарасына ие болды", - деп сөзін бастады экономист.

"Мұндай сұмдық бізге қайдан келген? Бар-жоғы 42 жаста. Тіпті президент те емес. Жай ғана "Самұрық-Қазынаның" басқарушы директоры. Мұншалық тәкаппарлық қайдан келген? Бәлкім берілген дүниені өз затындай көретін мемлекеттік мекеме басшыларын "дуэльге" шақырған Ғалым Бәйтүктің әрекеті оң болған шығар?», - дейді Кривошеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/879040-samuryq-qazynanynh-top-menedzherin-tak.html