RU

Қазақстан үкіметі бензин мен дизельдік отын бағасының көтерілмеуін қадағалайды

Аи-80 бензині мен дизельдік отынға бағалар сақталады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Аи-80 бензині мен дизельдік отынға бағалар сақталады, яғни бізде отынның бұл түрі артығымен бар. Атап айтқанда, елімізде Аи-80 бензині мен дизельдік отын жеткілікті көлемде шығарылып жатыр. Бұл тұрғыда проблема жоқ», - деді  Сағынтаев.

Осы орайда ол Аи-80 бензині 89 теңге, ал дизельдік отын 99 теңгеден сатылып жатқандығын еске салып өтті. «Бұл тұрғыда реттеу толық көлемде сақталады»,-деді үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль - 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120  теңгеден сатып алынып, 108 теңгеден сатылуда.

«Сәйкесінше, шығынмен ешкім де жұмыс істегісі келмейді. Егер осылай жалғасса, жақын арада, қыркүйектің аяғына қарай бензин тапшылығы туындайды», - деді  Бақытжан Сағынтаев.

Тілшілер сауалына жауап беру кезінде Энергетика министрі Владимир Школьник  Аи-92/93 бензині бағасы литріне 140 теңге деңгейінде болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/879102-qazaqstan-ukimeti-benzin-men-dizeld.html