RU

Алматыда келіншек екі баласын 5-ші қабаттан лақтырып, кейін өзі де секірген

Алматыда адам түршігерлік қайғылы оқиға орын алды.

Бостандық ауданында екі  баланың анасы  екі баласын  5-ші қабаттан  лақтырып, кейін өзі  де секірген.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне сенімді дереккөз хабарлады.

Келіншектің 1982 жылғы екені анықталды. Бүгінде ол ауыр халде ауруханада жатыр.

Қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты әлі ақпарат берген жоқ деп жазады 24.kz.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы  баспасөз қызметінің хабарлауынша, балконнан тасталған 2 қыздың бірі шамамен 10-11 жас шамасында. Ол қыз оқиға орнында жан тәсілім етті.

Ал 2 жас шамасындағы екінші қыз бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бүлдіршіндерін лақтырып, артынан өзі де 5-қабаттан секірген айел Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түсті.

«2 науқастың қаншалықты ауыр жарақат алғаны дәрігерлер консилиумынан кейін белгілі болады», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/879465-almatyda-kelinshek-eki-balasyn-5-shi-qaba.html