RU

Астанадағы жаяу жүргіншілер жолында мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Иманов көшесінің бойымен келе жатқан «Тойота камри» автокөлігінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті, зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, бүгін, 5 қыркүйекте таңғы сағат 07.40-та Иманов көшесінің бойымен Ғабдуллин көшесінің қиылысында Республика даңғылы жаққа бұрылып бара жатқан «Тойота камри» автокөлігінің жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер жолы арқылы Иманов көшесіндегі көлік жолынан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Оқиға салдарынан жаяу жүргінші түрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды. Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Жол – көлік оқиғасының себептері анықталуда», - делінген ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/879532-astanadaghy-zhayau-zhurginshiler-zholynda.html