RU

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатынан 5 алтын жеңіп алды

Бүгін Бангкокте бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 5 алтын медальмен көш бастады.

Финалға шыққан Қазақстан құрамасының 6 боксшысы арасында тек 60 келідегі Закир Сафиуллин ғана жеңіліп қалды.

52 келіде Олжас Сәттібаев топ жарды.

69 келіде ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов топ жарды. Ол Азияның екі дүркін чемпионы атанып отыр.

81 келіде  Әділбек Ниязымбетов пен өзбек боксшысы Елшот Расулов жұдырықтасуы керек болатын. Алайда, өзбек боксшысы жарақатына орай кездесуден бас тартып, Ниязымбетов спорттық ғұмырында тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.

91 келіде Василий Левит аса тартысты өткен кездесуде  өзбекстандық Рустам Тулағановты жеңіп, чемпион атанды.

Аса ауыр салмақта Иван Дычко қытайлық боксшыны жеңіп, қатарынан екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы есепте Өзбекстанды артқа тастап, бірінші орын иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/879629-bokstan-qazaqstan-quramasy-aziya-chemp.html