RU

Әлемнің ең кішкентай адамы дүниеден өтті

АҚШ-тағы Самоа мекенінде 4 қыркүйекте әлемнің ең кішкентай адамы дүниеден өтті деп мәлімдеді Kathmandu Post.

Жергілікті Magic Circus-та қызмет еткен Непал тумасы Чандра Бахадур Данги (Chandra Bahadur Dangi) әлемнің ең бойы кішкентай адамы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Оның бойы - 54,6 сантиметр.

Данги 76 жаста болатын. Өткен жұмада ол пневмония сырқатымен Линдон Джонсон атындағы тропикалық медицина орталығына түскен.

Данги Guinness World Records атағына екі рет лайық деп танылған — әлемдегі тіршілік етіп жатқан адамдардың ең кішкентайы және тіршілік етекендердің арасындағы ең кішкентай адам деп танылды.

Данги 2012 жылы 26 ақпанда Катмандудағы емханада жүргізілген ресми тексеріс кезінде үнділік Гул Мохаммедтің (Gul Mohammed) рекордын жаңартқан. Үнділіктің бойы - 57 сантиметр болатын. Мохаммед 1997 жылы дүниеден озған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/880619-alemninh-enh-kishkentay-adamy-dunieden-o.html