RU

ОҚО-да тойда оқ тиген 2 жасар бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында той үстінде оқ тиген екі жасар Равшан Рүстемов әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келген көмегін көрсетуде.

Ал екінші бала жалпы бөлімге ауыстырылған. Оқыс оқиға Сайрам ауданына қарасты Манкент елді мекенінде орын алған. Оқ жас жұбайлар мінген көліктен атылған. Күйеу жігіттің досы суық қарумен аспанға оқ атып, жұрттың назарын өздеріне аудармақ болған.

Кортедж үйге келіп тоқтаған кезде 19 жастағы жігіт абайсызда мылтықтың шүріппесін басып жіберген. Қаңғыған оқ көлік жүргізушісі мен оларды күтіп алушы 23 және 26 жастағы әйел мен екі бүлдіршінге тиген. Салдарынан ауыр оқ жарақатын алған келіншектің бірі сол жерде жан тәсілім еткен. Көп қан жоғалтқан екінші келіншек операция үстінде қайтыс болды.

«Жүргізушіні облыстық көз ауруханасына жөнелттік. Екі екі жасар баланың бірі әлі жансақтау бөлімінде, екіншісін жалпы бөлімге ауыстырдық», - дейді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Тұрлыбеков.

Аталған жайтқа байланысты адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айғақты зат ретінде қосауызды 12 калибрлі мылтық тәркіленіп, күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/880924-oqo-da-toyda-oq-tigen-2-zhasar-bala-ali-zha.html