RU

Айдын Айымбетов ғарышта философиялық ойларымен бөлісті (фото)

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарыштан түсірілген фотоларды көпшілік назарына ұсынды. Астана мен Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген фотосы әлеуметтік желіге жүктелді.

Қазіргі уақытта Жер орбитасындағы Халықаралық ғарыш станциясында жүрген Айымбетов Twitter парақшасында өзінің жеке блогын ашты. Аталмыш желіде ғарышкер Астананың ғарыштағы таңғажайып көріністерін көпшілік назарына ұсынды.

Бұл фотоны әлеуметтік желіге америкалық астронавт Скотт Келли жария еткен. Ал қазақстандық ғарышкер Келлидің жазбасымен бөлісуді жөн көрген.

«Қайырлы таң, Қазақстан! Ғарыш станциясында сенің туған ұлың Айдын Айымбетовпен бірге болған тамаша. Оның жағдайы жақсы!» - деп фотоның астына жазба қалдырған Келли.

Айдын Айымбетов болса, Каспий теңізінің фотосын түсіріп, өз парақшасында жария етті.

Айымбетов ғарыш туралы ойларымен де бөліскен. Әлемді зерттеуші "біз кімбіз және не үшін жаратылдық" деген сауалдарды ортаға салған.

Ғарышкер өзінің күндегі тіршіліктерін тізбектеді.

«7 сағат бойы жұмыс, 2 сағат - жаттығулар, 1 сағат - түскі ас, 8 сағат ұйқыға. +-0,5 сағат. Қалғаны: байланыс, оқу, таңғы ас, кешкі ас, бос уақыттарға», - деп жазған Айымбетов.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыш кемесі ғарышқа аттанған болатын. Оның ішінде үш ғарышкер: ресейлік Сергей Волков, дат астронавты Андреас Могенсен және қазақстандық Айдын Айымбетов бар.

3 қыркүйекте ғарыш кемесі жапон зымыранының қалдықтарымен соқтығыса жаздады.

4 қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі ХҒС-пен түйісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/881077-khghs-nynh-ekipazhy-astana-men-kaspiy-tenhi.html