Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер терісі сыпырылып түсіп жатқан ОҚО тұрғынына диагноз қоя алмауда

Опубликовано:

ОҚО-да дерт дендеген науқастың жағдайы нашарлап барады. 53 жастағы қазығұрттық тұрғынға шұғыл көмек керек.

Осыдан 9 ай бұрын қаназдыққа шалдыққан Манап Арипов қазір төсек тартып жатыр. Содан бері дәрігерлер аурудың себебін анықтай алмай келеді.

Екі аптадан бері науқас Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында жатыр. Қаны аздықтан боп-боз болып, тіпті, терісі де сыпырылып түсіп қалған.

Алайда қан түйіршіктерінің неліктен азайып кетуін ақ халаттылар әлі де анықтай алмай келеді. Ал төсек тартып жатып қалған әкесінің жағдайына алаңдаулы ұлдары оның облыстық ауруханада емделгенін қалайды.

Ал аурухананың бас дәрігері алдымен науқасқа диагноз қойып алу керегін алға тартады. Тиісті ем-дом жасадық деген мамандар қазір науқастың беті бері қарағанын айтады. Осыған дейін сырқат жанды гемотолог, ревмотолог, невропотолог дәрігерлері тексеруге алған. Алайда, қаназдықтың салдарын әлі ешкім де дөп басып айта алмай отыр.

9 айдан бері диагнозы анықталмай келе жатқан науқас осыған дейін жекеменшік медициналық орталықтардың тексеруінде де болған. Тіпті Өзбекстаннда да дертіне дауа таппапты.

Науқастың тума-туысы енді облыстық аурухана дәрігерлеріне үміт артып отыр. Әзірге аты мен заты белгісіз болып тұрған дертке тек сонда ғана диагноз қою ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/881306-darigerler-terisi-sypyrylyp-tusip-zha/

pixel