RU

Қарағандылық жүргізуші айла жасаймын деп күлкіге қалды

Қарағандыда ер кісі оғаш тәсілмен жүк тасимын деп көпшіліктің күлкісіне қалды.

YouTube-те қарағандылық жүргізушінің сыйдыра алмаған жүгін көлігімен және адамның көмегімен тасымақ болған сәтінен видео жүктелді.

Олар белгілі жерге ұзын түтікті жеткізулері тиіс болған. Алайда түтік «Газельге» сыймай қояды. Айлакер жігіттер түтіктің бір ұшын көлікке салып, екінші ұшын өздері ұстап тұруды жөн санаған.

Нәтижесінде түтіктің бір ұшын ұстаған азамат көліктің соңында жүгіріп жүруге мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/881339-qaraghandylyq-zhurgizushininh-zhuk-tasud.html