RU

Оралда саяжай аумағында өрт шығып, екі үй жанып кетті

Бүгін түскі сағат 13.09-да БҚО Төтенше жағдай департаментіне 2-саяжай аумағындағы «Урожайный», «Мелиоратор», «Колос» және «Арматурщик» саяжай қоғамдарында құрғақ шөптің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Урожайныйда» бұталар мен құрғақ шөп жанып, екі саяжай үйі өртеніп кеткен. Қазіргі кезде қалған үшеуінде осындай жану жалғасуда.

«Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінен» 34 адам мен 7 техника және департаменттің жеке құрамынан 18 адам өрт сөндіруге қатысуда.

Саяжай тұрғындарын көшіру үшін 15 адам мен екі техника тартылған. Айта кетейік, бүгін Оралда жел күшті болып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/881448-oralda-sayazhay-aumaghynda-ort-shyghyp-eki.html