RU

Өзін "Бейонсе" сынды сезінген бапкер интернет жұлдызына айналды

Аквааэробика жаттықтырушысының биі түсірілген видеоны Facebook желісінде 8 млн-нан астам адам қараған.

Испания қонақүйлерінің бірінде жұмыс істейтін ер кісінің Бейонсе әніне билегенін демалушылардың бірі видеоға түсіріп, Facebook-ке жүктеп қойған.

«Бұл жаттықтырушының биін байқамау мүмкін емес еді. Ол өзін Бейонсе секілді елестетіп, билейтін сияқты», - дейді видео авторы Ребекка Уэллс.

Видеода ер кісінің бассейндегі аруларға би қимылдарын үйретіп жатқаны байқалады. Ол суда бұл қимылдарды суда орындау оңай емес екенін ойламайтын сыңайлы.

Биге берілген азамат айналасындағылардың көңілін бір көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/881932-akvaaerobikadan-zhattyqtyrushy-intern.html