RU

Қазнет пайдаланушылары президенттің фуа-гра мен «Ленд Крузерге» келтірген мысалын бағалап үлгерді (фото)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың фуа-гра, банан мен «Ленд Крузер» сияқты артық шығындардан бас тарту туралы кеңесі интернет пайдаланушылар арасында танымалдыққа ие болуда. Көбісі «фуа-граның» не екенін білуге құлшыныс танытқан.

Ақмола облысына келген Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан әкімдерімен отырыс өткізген болатын. Президент үкіметтің жанар-жағармай материалдарына бағаны мемлекеттік реттеуден бас тартуына қатысты пікірін білдіріп, қазақстандықтарға шетелдік тауарлардан бас тартуға кеңес берген.

«Оларсыз да өмір сүруге болады. Солай емес пе? Фуа-гра, банансыз. Ең үлкен «Ленд Крузер» мінбей-ақ та өмір сүруге болады емес пе?  Өмір сүруге қажетті заттардың бәрі бізде бар», - деп пікірін білдірген президент.

Президенттің бұл әзілі әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Көбісі «фуа-гра деген не, оны немен жеуге болады?» деген сұрақтың жауабын іздеуге кіріскен. Оның дәмін татып үлгерген қазақстандықтар дайындалуы қиын деликатестің қазыға жете қоймайтынын алға тартқан.

Елді дүрліктірген деликатестің дәмін көруге бел буғандар да табылған. Олар бұл астың дәмін көргеннен кейін әзіл жазбалар қалдырған.

Интернет шеберлері де фуа-граға өз көзқарастарын білдіріп үлгерген.

"Қазақша Фуа-гра!" - деп фотоға атау берген Вконтакте желісінің пайдаланушысы Константин Чернобаев.

Қазақстан президентінің фуа-гра туралы сөздері шетелдік БАҚ-тың да назарына іліккен. Бұл пікірді ресейлік Lenta.ru, Kommersant.ru, Rosbalt.ru, кей украиналық БАҚ және, тіпті Reuters агенттігі де жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/882026-qaznet-paydalanushylaryprezidenttinh.html