RU

Соғыс кесірінен бір-бірінен қол үзген корейлік отбасылар қайта қауышатын болды

Сеул мен Пхеньян соғыстың кесірінен бір-бірінен ажырап қалған отбасыларын қауыштыруға келісті.

Қос мемлекеттің Қызыл крест қоғамының өкілдері шекарадағы қарусыз аймақта бас қосты. Екі күнге созылған келіссөздер нәтижесінде тараптар кездесулерді 20-26 қазанда өткізуге уағдаласқан.

Оған 100-ге жуық корейлік қатысуы тиіс. Айта кетейік, Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея қырғи қабақ соғыстан қол үзіп қалған отбасы мүшелерінің кездесуін 1980 жылдың басынан бері ұйымдастырып келеді.

Туыс жандар соңғы рет өткен жылдың ақпанында жүздескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/882153-soghys-kesirinen-bir-birinen-qol-uzgen.html