RU

Танымал қазақстандық актер мемлекеттік қызметке ауысып кетті

Танымал шоумен әрі актер Әнуар Нұрпейісов жаңа қызметке тағайындалды.

Енді ол Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған «Астана жастары» орталығын басқарады деп хабарлайды Гәкку арнасы.

Бұрын ешқандай кестеге бағынбаған жігітке мемлекеттік қызметтің күн тәртібі таңсық болғанын өзі мойындап отыр.

Алда талай жұмыстың күтіп тұрғаны белгілі. Бірақ Әнуар әлеуметтің әлеуетін, еліміздің тамаша табиғатын бейнежазбаға түсіруді тоқтатпайды. Оның айтуынша, тұлға жан-жақты болуы тиіс.

Әнуардан жергілікті әкімдік қана емес, жастар да тың жаңалықтар күтіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/882239-tanymal-qazaqstandyq-akter-memleket.html