RU

Отандық жұлдыздар жазғы демалысын қалай өткізді?

Қазақстандық жұлдыздар жазғы демалыстан елге оралып, желіде жаңа фотоларын жүктеп үлгерді. Фотолардан отандық әртістер Түркия мен Еуропада демалғанды жөн санайтыны байқалады.

Санжар Мәдиев жары Мөлдір Мәдиевамен бірге демалысын Монте-Карлодағы Монако князьдігінде өткізген.

Әсел Сағатова болса, демалыс орны ретінде Түркияны таңдаған. Ол Кемерге жол тартып, «Гюраль» қонақүйіне тұрақтаған.

«Еркіндік пен еңбек туы үшін Ла-Маншқа дейін баруға дайынмын», - деп Айсұлу өз фотосына жазба қалдырған. Әзімбаева демалысын Франциядағы жағажайда өткізген.

«МұзАРТ» тобының солисі Мейрамбек Беспаев жазғы демалыста Түркияның Кемер қаласына жол тартқан. Жарын, ұлын және қызын ертіп алған әнші «Rixos Sungate» қонақүйіне тұрақтаған.

Әсем Жәкетаева тойдан кейінгі сапар жасап, сүйіктісімен бірге Еуропаны аралады. Жас жұбайлар Париж, Венеция, Милан, Рим және Канныда болып қайтты.

«Келинка Сабина» фильмінде Сабинаның құрбысы Алтыншаштың рөлін сомдаған Айнұр Ілиясова да демалысын Еуропада өткізген. Бойжеткен Милан, Рим, Лугано мен Сан-Маринода түскен фотоларымен бөліскен.

Бибігүл Ақтаң Баварияда жақсы демалып қайтқан.

Әнші Бүркіт өз демалысын Жерорта теңізіндегі түркиялық Белек қаласында өткізген.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның Instagram парақшаларынан олардың да Белек қаласында демалып, кейін Ақтау мен Бурабайда қыдырғандарын байқауға болады.

Әлішер Кәрімов жазды Теркс пен Кайкос аралдарында өткізді.

Динара Сәтжан да Түркияда демалған. Одан бөлек тележүргізуші уақытын ескі достарымен бірге өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/882439-otandyq-zhuldyzdar-zhazghy-demalysyn-qa.html