RU

2016 жылы елімізде қонақүй пойыздар пайда болады

 2016 жылы елімізде дөңгелекті қонақ үйлерді іске қосу жоспарланып отыр.

«Тұран Экспресс» жолаушылар  компаниясы 2013 жылы "Алматы – Алакөл – Достық" бағыты бойынша қатынайтын мамандандырылған туристік пойыздарды ұйымдастырған еді. Сол кезде осындай маршруттарға сұраныс зор болды.

Жаңа жобада темір жол көліктері «Гранд де Люкс», СВ, купе және басқа сыныптардағы вагондардан құралмақ. Мұндай пойыздармен Қазақстанның және Орта Азияның тарихи-мәдени жерлерінде бірнеше маршрут ұйымдастыру көзделіп отыр.

«Біз "Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Түркістан-Қызылорда-Байқоңыр" темір жол маршрутын   Астанаға жеткізіп, дөңгелекті қонақ үй болатын туристік пойыз құрастыруға мүмкіндігіміз бар», - деді «Тұран Экспресс» компаниясының бас директоры Роман Ботабеков.

Жоба авторлары  салық, тасымалдауға субсидия бөлу, жеңілдетілген несие беру сынды мемлекеттен қолдау болатынына үмітті. Осы ретте министрлік жуырда мемлекет тарапынан қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылатынын мәлімдеді.

«Жібек жолы» бағдарламасы аясында осындай сапарлар мектеп оқушылары үшін тиімді болар еді. Өйкенді балалар жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізіп, халқының тарихы мен мәдениетін жіті тануға септігін тигізеді» - деді министр Әсет Исекешев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/884106-2016-zhyly-elimizde-turistik-poyyzdar-pay.html