RU

Алматыда балаларын балконнан лақтырған әйел Ұлттық университетте доцент болып жұмыс істеген

Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет бесінші қабаттың балконынан балаларын лақтырып жіберген Жадыра Көкенайдың (тұрмысқа дейінгі тегі Құлмамырова) қызметі туралы тізімді жария етті.

Жадыра Құлмамырова  2011 жылы ЖОО-ның филология факультетіне жұмысқа қабылданады.

2012 жылы ол Халықаралық қатынастар факультетіне доцент болып ауысқан.

2013 жылы Жадыра Құлмамырова өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті.

Жадыра Қазақ-кувейт университетінде "араб тілі және әдебиеті" мамандығы бойынша білім алған.

Ұлттық универсиетте жұмыс істегеннен бұрын Жадыра Құлмамырова Ислам институнда және  "Нұр-Мүбәрәк Египет" ислам мәдениеті университетінде жұмыс жасаған.

Әйелдің бұрынғы әріптестері оны өз ісіне ұқыпты әрі жауапты екенін айтады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйекте Алматының Сәтбаев көшесінде 33 жастағы әйел бесінші қабаттың балконынан кәмелет жасына толмаған екі баласын лақтырып жіберіп, артынша өзі де секіріп кеткен.

10 жасар үлкен қызы құтқару қызметі келгенше сол жерде бақилық болған. Қазіргі кезде дәрігерлер аман қалған қыз бен анасының тағдыры үшін күресуде.

Оқиғаға куә болған жергілікті көкөніс пен жеміс-жидек сатушы біржарым жастағы қызды аман алып қалғандығын айтқан.

Ертеректе, Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел есін жинады, деп хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/884261-almatyda-balalaryn-balkonnan-laqtyr-3.html