RU

Астаналық жас ана үшемдерді дүниеге әкелді

Биылғы жылдың 9 қыркүйегінде Астанадағы №3 перинаталды орталықта дүниеге үшем келді.

Елордалық Еркебұлан Бірәлин мен Аягөз Оразбаева есімді жұп енді тағы үш ұлды болды. Әзірге олар балаларының аттарын қойып үлгермеген.

Бұлардан бөлек жас отбасының 5 және 3 жастағы Ернар және Ербатыр деген екі ұлы бар.

Ал дәрігерлердің айтуынша, қазір сәбилердің де, жас ананың да жағдайы жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/884323-astanalyq-zhas-ana-ushemderdi-duniege.html