RU

Құмар ойынға құныққан жігіт ақша бермеген анасына пышақ ала жүгірген

Түркістан қаласының тұрғынын туыстары аяусыз ұрған бейнежазба интернетте кеңінен таралған болатын. Кейін туыстарының жігітті соққыға алу себебі анықталды.

Бұл туралы Замана газеті жазады.

Ғаламторда жазылған мәліметтерге сүйенсек, соққыға жығылған жігіт ішімдікке әуес болған, әрі ойын автоматтарына үнемі ақша тігетін көрінеді.

Осы оқиға орын алардан бұрын ол өзінің анасынан ақша беруін талап еткен. Алайда көк тиын ала алмаған соң оған бірнеше мәрте пышақ ұрған. Зардап шегуші ауыр дене жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

ОҚО-да ер адамды көшеде аяусыз ұрған өзінің туыстары болып шықты

Ал өз анасына пышақ жұмсаған жанды соққыға жыққандар оның өз туыстары, яғни жәбірленушінің нағашылары екен.­

Әлеуметтік желілерде шыққан Түркістан қаласындағы азаматты ұрып-соққан туралы бейнеролик бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түркістан қалалық ішкі істер бөлімі полицейлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оқиғаның барлық қатысушылары анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/884574-oqo-da-tuystarynan-onhbay-tayaq-zhegen-zhi.html