RU

«All Давай» тобының әншісі өнеріне табынушы қыздың арманын орындады

«All Давай» тобының мүшесі әрі бизнесмен Шоқан Маратұлы өнеріне табынушы қыздың арманын орындады.

Instagram-дағы өнеріне табынушылардың аты мен бейнесі әртістің есінде жүреді екен. Шоқанға Жұлдыз туралы хат келгенде ол: «Мен оны білемін, алайда ауыратынын байқамаппын», - деді.

«All Давай» шығармашылығын ұнататын қыз сырқат салдарынан арбамен қозғалатынын білген әнші қынжылды. Ол Жұлдызбен оның туған күнінде кездесті.  Мереке ұйымдастырылған дәмханада тілектер айтып, кейін достар «All Давай» әніне билеп флеш-моб ұйымдастырды. Кейін «Жаным» композициясына үн қосып Шоқан шықты.

Тосын сыйдың қызға берген әсерін байқағандар көз жасын жасыра алмады. Әнші қызға шарлар мен гүл шоғын сыйлады.  Сондай-ақ туған күн иесімен бірнеше сағат болды. Қоштасарда қыздың барлық армандарының, алдыңғы кезекте дерттен айығуын тіледі, деп жазады comode.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/884639-davay-tobynynh-anshisi-onerine-tabyn.html