RU
Қазақстандық миллиардер Бодрумға құны 140 млн евро тұратын яхтамен келді

Қазақстандық миллиардер Бодрумға құны 140 млн евро тұратын яхтамен келді

Рассказать Вконтакте

8 қыркүйекте түркиялық Бодрумның танымал Ялыкавак айлағында ірі 101 метрлік IDYNASTY яхтасы жұртшылықтың назарын аудартты. Оның қожайыны Қазақстанның ең қалталы бизнесмендерінің бірі Әлижан Ибрагимов болып шықты.

Жергілікті БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, Ибрагимов Бодрумға Эгей теңізіне сапары барасында келген деп жазды Gursesintour порталы.

Миллиардер Миканос атты грекиялық аралдан Түркияның жағажайына әйелінің туылған күнін тойлату үшін келген.

Ибрагимовқа тиесілі IDYNASTY яхтасының ұзындығы 101 метр. Ішінде барлық ыңғайлықтары бар яхтада 33 адам қызмет етеді. IDYNASTY-дің құны - 140 млн евро.

Әлижан Ибрагимовке бизнестегі әріптестері мен жақын достары Патох Шодиев және Александр Машкевич те қосылған.

Айта кетерлігі, «Форбс» басылымы Ибрагимовты Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері қатарына жатқызады. Оның мүлкі $2.2 млрд-қа бағаланған. Бизнесмен - «Еуразиялық банк» президенті әрі «Eurasian National Resources Corporation» компаниясын иеленушілердің бірі.

Сіздің реакцияңыз
14
1
0
2
0
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel