RU

Apple толық өзгертілген iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарын таныстырды

Apple компаниясы Сан-Франциско қаласында iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарын таныстырды, жаңа смартфондар төрт түрлі түспен шыққан, бар түстерге "қызғыл алтын" түсі қосылған, деп хабарлайды РИА Новости.

"Олар бұрынғыша көрінуі мүмкін, бірақ біз бәрін өзгерттік", — деді компанияның бас директоры Тим Кук модельдерді таныстыра отырып.

Смартфондардың жаңа процессоры А9 деп аталды және құрастырушылардың айтуынша, ол бұрынғы смартфондарға қарағанда 70 пайызға жылдам жұмыс істейді. Жаңалықтар биометрикалық тетігіне қатысты, Touch ID 2 жұмысы жылдам әрі нақтырақ бола түскен.

iPhone 6S смартфонының 12 мегапиксель болатын камерасы түнгі уақытта түсіруге мүмкіндік береді және түстердің қанықтығы ерекшеленеді. Смартфон 4К видеотүсірілім жасауға мүмкіндік береді. Фототүсірілімге негізгі камерасына да, алдыңғы беттің 5 мегапиксельді камерасына да жарықшақ орнатылған.

Смартфонда жұрттың күткен басты жаңалығы 3D Touch қызметі болды — Force Touch функциясын 2015 жылғы Apple Watch және MacBook иелері біледі. Технология саусақпен басудың күшін анықтайды және соған байланысты қызмет түрін түрліше атқара алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/885314-apple-tolyq-ozgertilgen-iphone-6s-zhane-iphone-6s-plus-smartfo.html