RU

Назарбаев Қазақстанды "Ұлы дала елі" деп атады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі» деп мәлімдеген бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиында.

Ол осы бейресми атауда «қазақстандық мінез-құлық пен негізгі сипат» барын айтқан.

Астанадағы салтанатты жиынға парламент депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысқан.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларға Әзербайжан мен Қырғызстан президенттері де шақырылғаны хабарланды. Бүгін Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» конференциясы, «Барыс» спорт кешенінде театрландырылған қойылым өткізіледі.

Бұған қоса Астанада жұма күні Түрік елдері ынтымақтастық кеңесінің 5-саммиті де өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/886634-nazarbaev-qazaqstandy-uly-dala-eli-de.html