RU

Моңғолияда жылдың ең үздік үйлену тойы өтті (фото)

9  қыркүйек күні Моңғолияды мәні мен мәртебесі өте жоғары үйлену тойы өткізілді. Бұл туралы Asia Russia Dayli хабарлады деп жазады ras.kz .

Осы күні Моңғолия халық партиясының басшысы Миеэгомбын Энхболдтың жалғыз қызы тұрмысқа шықты. Моңғол күнтізбесі бойынша бұл уақыт үйлену тойын өткізуге өте қолайлы мерзім саналғанымен, спиртті ішімдіктер ішуге болмайтын кезең еді.

Жоғары дәрежелі партия лидерінің қызының аты Хулан болатын. Ал оның өмірлік серігі болып отырған жігіттің есімі Чинзориг екен. Моңғол БАҚ-тарының жазуларынша, ол шет елде университетте оқып, бітіріп келген көрінеді.

Тойға моңғол элитасындағы саясаткерлер, бизнес және мәдениет өкілдері, сосын, әрине халық партиясының өкілдері шақырылған. Ал қыздың әкесі бұл тойда Rolls-Royce пен Benz джиптерінен басқа көліктерді көргісі келмепті.

Айтқандай, Хулан да ендігі өмірін саясатқа арнағысы келіп отыр екен. Қазір ол Моңғол жастары қоғамдық демократиясы Сонгинохайрхан префектурасының басшысы болып қызмет етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/886694-monhgholiyada-zhyldynh-enh-uzdik-uylenu-toy.html