RU

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.

Ұзақ жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысын басқарған Сапарбаев кейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Ал Ақтөбе облысын 2011 жылдан бері басқарған Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып ауысты.

Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/886880-berdibek-saparbaev-aqtobe-oblysynynh.html