RU

Айдын Айымбетов: Туған жерім маған ерекше қуат берді (видео)

Айдын Айымбетов аман-есен жерге оралды.

«Союз ТМА-16М» кемесінің түсірілетін капсуласымен жаңа ғарыштық рекордсмен Геннадий Падалка (Ресейғарыш), қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен Қазақстанда есептелген аудан маңына қонды, деп хабарлдады РИА Новости агенттігіне Ұшыруды басқару орталығынан.

«Жерге қонды! Түсірілетін аппарат Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым жерде қонды», - деп атап өтті агенттік сұхбаттасушысы.

«Союздің» қонуын қамтамасыз ету жөніндегі  іздеу-құтқару қызметіне 200-ге жуық әскери қызметкер, бортында арнайы жабдықтары бар 14 Ми-8 тікұшақтары, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және 15 бірлік техника, сондай-ақ төрт жол талғамайтын іздестіру-көшіру машиналары қатыстырылды.

Жерге түскен соң тілшілерге сұхбат берген Айымбетов туған жерінің өзіне күш бергенін айтты.

"Жерге сәтті қондық. Оның үстіне туған жерім қосымша күш берді. Дархан даламның хош иісі аңқып тұр. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын. Ғарыш саласындағы жұмысымды одан әрі жалғастырмаын", -деген Айдын Айымбетовтің сөзін 24 арна келтіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/887281-aydyn-ayymbetov-aman-esen-zherge-qondy.html