RU
Каталонияда жүздеген адам Испаниядан бөлінуді талап етіп, шеруге шықты

Каталонияда жүздеген адам Испаниядан бөлінуді талап етіп, шеруге шықты

Рассказать Вконтакте

Каталонияның Испаниядан тәуелсіздігін қолдап жүздеген мың адам Барселона көшелеріне шеруге шықты, деп жазады Би-би-си.

Шеру каталондықтар 11 қыркүйек күні атап өтетін «ұлттық күнге» орай ұйымдастырылды.

Екі аптадан соң Испанияда өңірлік билік органдарының сайлауы өтеді. Наразылық шарасының белсенділерінің пікірінше осы дауыс беру кезінде провинцияның тағдыры түбегейлі шешілмек.

2014 жылы Каталонияда бейресми плебисцит (ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін алу) өткізілген. Онда дауыс бергендердің 80 пайызы тәуелсіздікті жақтап шыққан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel