RU

Кейт Миддлтон Ұлыбритания ханшайымы атануы мүмкін

Британиялық БАҚ ханшайым Елизавета тақтан бас тартуы мүмкін екендігі туралы жазды.

Ақпаратқа сәйкес, ол билікті немересі Уильям мен оның жұбайы Кейт Миддлтонға беруі ықтимал.

Жуырда билеп-төстеу ұзақтығы жөнінен рекорд жасаған ханшайым Елизавета II келер көктемде 90 жылдық мерейтойын асыр салып, атап өтеді.

Ағылшын басылымдарының хабарлауынша, мерейтойдан кейін ол таққа Кембридж герцогинясын отырғызып, оған бүкіл әлемнен келген аса құрметті қонақтар алдында Вестминстр аббаттығында тәж кигізеді.

Сөйтіп, Біріккен Корольдікті әрі қарай да әйел заты басқаруы әбден мүмкін. Себебі ханзада Уильям мен Кембридж герцогинясы Кейттің ағылшындар алдында беделі зор, деп жазады planet-today.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/887333-keyt-middlton-ulybritaniya-khanshayymy.html