RU

Меккеде кранның құлау сәтінің видеосы пайда болды (видео)

11 қыркүйекте Меккедегі Әл-Харам мешітінде құрылыс краны құлауы салдарынан 107 адам көз жұмды. Оқиға куәгері қайғылы жағдайды видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

Бұл туралы m.tvrain.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қаза болғандардан бөлек 238 адам зардап шеккен. Олардың дені қажылыққа келген мұсылмандар. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасауда деп хабарлады Би-би-си.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кранның құлауына қатты жел себепкер болған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/887718-mekkede-krannynh-qulau-satininh-videos.html