RU

Қазақстандық әнші Украинаның Х-Factor шоуында өнерімен көпшілікті таңғалдырды

"Индиго" тобының бұрынғы орындаушысы, қазақстандық әнші Айбөпе Қарашева Украинаның Х-Factor шоуына қатыстып, өнерімен көпшілік сүйіспеншілігіне бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

12 қыркүйекте YouTubе әлеуметтік желісінде Украинаның танымал Х-Factor шоуындағы төрешілерді өнерімен тәнті еткен қазақстандық әнші Айбудың (Айбөпе Қарашева) видеосы жүктелді.

Видеодан төрешілердің бірі Айбуды қолдауға не себепті танымал "Авиатор" тобы келгеніне қызығушылық танытқаны байқалады.

Оған жауап ретінде қазақстандық әнші алдағы уақытта аталмыш топпен өнер көрсету жоспарда барын жасырмады.

Айбу Jessie J - Domino әнін орындап, төрешілердің төртеуінің де көңілінен шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/888014-qazaqstandyq-anshi-ukrainanynh-kh-factor-shouy.html