RU

Лионель Мессидің екінші ұлы дүниеге келді

«Барселона» мен Аргентинаның шабуылшысы Лионель Месси екінші рет әке атанып отыр.

Мессидің жұбайы Антонелла Рокуццо Барселона емханаларының бірінде дүниеге екінші ұлын әкелді. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасай отыры, today.kz хабарлайды.

Жаңа туған сәбиге Бенжамин деген ат қойып та үлгеріпті. Басылымның хабарлауынша, жұбайының босануына байланысты Месси алда болар «Атлетикомен» ойын алдындағы жаттығуға қатыса алмапты.

Естеріңізге салсақ, Месси мен Рокуццоның алғашқы балалары Тьяго 2012 жылдың екінші қарашасында дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/888195-lionel-messidinh-ekinshi-uly-duniege-k.html